Алматы қаласының Орталық стадионы 50 жылдық мерейтойын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының Орталық стадионы 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматы қаласының Орталық стадионы 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматы. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов кеше Алматы қаласының Орталық стадионының 50- жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімге қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2008
  • 895
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 1958 жылы салынған еліміздің бас спорт аренасы өзінің жарты ғасырлық мерекесін атап өтті. Алматы қаласы мен Қазақстан спортының өміріндегі осы елеулі оқиғаға орай мерекелік бағдарлама жасалды. Онда бұқаралық спорт шаралары, түрлі викториналар, конкурстар, музыкалық бағдарламалар ұйымдастырылып, Қазақстанның футбол клубтары Премьер-Лигаға қарасты «Кайрат» пен «Актөбе» ФК-ы арасында Қазақстан Чемпионатының матчы болды.

Алматының Орталық стадионы Орта Азиядағы ең ірі спорт кешені болып табылады, мұнда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорттың барлық түрлерінен республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстар өтіп тұрады. Қазақстанның беделін әлемге танытқан спортшылардың басым көпшілігі алғашқы қадамдарын осы жерден бастаған болатын.

Ахметжан Есімов қала тұрғындары мен спорт ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтап, спорт ардагерлеріне құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Ол еліміз бен ұлтымыздың болашағы үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды екендігін ерекше атады.

«Мерейтойын атап өткен Орталық стадионға келем деушілерге есік қашан да ашық. Бұл спорт аренасы болашақта талай спортшының тұсауын кесетін болады. Барлықтарыңызды, әсіресе жастарды қаланың спорт алаңдарына шақырамын, шыныққан дене мен өткір рух қалыптасқан жерде тек жақсылық қана болады» -, деді Ахметжан Есімов.

Алматының Орталық стадионы 1955-1967 жылдары салынды , оның жалпы аумағы 22 гектар. Сәулетшілері : А. Косов пен А. Капанов. 1958 жылы 30000 орынды үлкен спорт аренасы пайдалануға берілді. Кейін кіші спорт аренасы, жаттығу алаңы, жүзу бассейні, қысқы жаттығу алаңы, гандбол, теннис, баскетбол, садақтан оқ ату алаңдары іске қосылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар