" Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы ереже бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
" Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы ереже бекітілді

" Алматы қаласының құрметті азаматы" атағын беру туралы ереже бекітілді

Бүгін Алматыда 4-сайланған қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында " Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы Ережені бекітті.

  • 29 Маусым 2011
  • 562
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ қалалық депутаттар жиналысы-мәслихатының ІІ сессиясының «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы туралы» 1994 жылғы 12-тамыздағы қаулысының күші жойылды деп танылсын деген шешім шығарды. Шешімнің орындалуын бақылау заң, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзінөзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға және қала әкімінің орынбасары Серік Сейдумановқа жүктелді. Бұл шешім ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Алматы қаласының Құрметті Азаматы» атағын беру азаматтардың көп жылғы жемісті еңбегін, олардың қабілеті мен дарынын және бастамаларын қоғамдық мойындауды білдіретін маңызды моральдық ынталандыру болып табылады. Ол азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға, олардың Алматы қаласын экономиакалық және әлеуметтік дамытуға жұмсаған күш-жігерін көтермелеуге, өскелең жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге және халықтар арасында достықты нығайтуға арналған», — дейді қала әкімі аппаратының жетекшісі Серік Құсайынов. Оның айтуынша, бұл атақты беру жылына 1 рет қала күніне орай жүзеге асырылады және оны беру жылына 3 азаматтан аспауы керек. Жалпы «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын мәслихат қала әкімінің ұсынымы бойынша беретін болады.

Соңғы жаңалықтар