Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы келді.

  • 26 Қазан 2015
  • 455
Фото - Caravan.kz


Жаңа лауазымға генерал-майор Серік Әубәкіров тағайындалды. 

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 
«ҚР ІІМ министрі Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен Алматы қалалық ТЖД басшылығына өртке қарсы қызметтің генерал-майоры Серік Әубәкіров тағайындалды. Серік Әубәкіров ҚР ІІМ ТЖ комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келген. Бүгін жаңа басшыны ұжымға таныстыру үшін ҚР Ішкі істер вице-министрі Владимир Божко келеді», — деді баспасөз қызметінен. 
Серік Әубәкіров 1985 жылы өрт сөндіруші-техник мамандығы бойынша Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесін бітіріп шыққан. 
Айта кету керек, 4 жылдай Алматы қалалық ТЖД басқарған Берік Құтпанов 2 ай бұрын жұмыстан босатылған болатын. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ТЖК резервіне тіркелді. Оның міндетін орынбасары Нұрлан Мадьяров атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар