Алматы қаласының тұрғындарына көлік қызметін көрсету жөнінде кеңес болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласының тұрғындарына көлік қызметін көрсету жөнінде кеңес болып өтті

Алматы қаласының тұрғындарына көлік қызметін көрсету жөнінде кеңес болып өтті

Алматы. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін қала тұрғындарына көлік қызметін көрсету жөнінде кеңес өткізді. Оның жұмысына мемлекеттік құрылымдардың, Алматы қаласы автобус парктерінің басшылары қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің бспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 31 Қазан 2008
  • 692
Фото - Caravan.kz

Бұл бас қосуда халықты көлікпен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні жолаушы көлігінің жағдайы қала тұрғындарының талаптарына жауап бермейді. Көліктердің түрлі бағыттар бойынша қатынауы төмен. Тоғыз ай ішінде Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері бағыттар бойынша көліктің тең жартысынан астамының өз бағыттары бойынша шықпай қалғандықтары жөнінде 260 оқиғаны анықтаған.

Жиында валидаторлар арқылы ақы төлеудің электронды жүйесін енгізу де сөз болды. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Меренковтың сөзі бойынша автобус парктерінің жүргізушілері жаңа жүйені енгізуге қарсылық білдіруде. Ахметжан Есімов өз сөзінде автопарктермен келісім жасағанда ақы төлеудің электрондық жүйесін енгізу жөнінде арнайы бөлім енгізу қажеттігін тапсырды.

Ішкі істер департаментінің басқарма бастығы Ерлан Тұрғұмбаев көлік жүргізушілердің жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындығын, көлікті мас күйінде жүргізетіндіктерін, соның салдарынан түрлі апаттардың болатындығын айтты. Автокәсіпорындар басшылары қалада көлік жүргізуге Қазақстанның өзге аймақтары -Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан адам алатындығын, олардың үлкен мегаполистің жай- күйіне бейімделмегендігін, көп ретте сол себепті көлік кептелістерінің болатындығын да тілге тиек етті.

«Автобус парктері бұдан былай көлік жүргізуге тек Алматыда тіркелген және кәсіби біліктілігі жоғары жүргізушілерді ғана алатын болсын», — деп атап көрсетті Ахметжан Есімов.

Жолаушы көлігінің жұмысын талапқа сай жүргізу үшін тасымалдаумен айналысатындардың барлығымен жасалған келісімді қайта қарау қажет. Егер жасалған баптың біреуі бұзылса, онда келісім шарт тез арада бұзылатындығы туралы да бап енгізілетін болды.

Қала әкімі «Жолаушылар тасымалы»МҚК жұмысын қайта құруды тапсырды. Бұл мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бағыттардағы көліктердің жұмысын күн сайын қадағалап отыруы тиіс деп атап көрсетті қала басшысы.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов коммуналды автобус паркін құру қажеттігін, ол үшін үнемделген қаржыны есептеп шығуды тапсырды.

«Жеке автобус парктеріндегі автокөліктің нақты санын анықтап, оларды содан кейін ғана іске қосу керек», — деп ескертті Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар