Алматы қаржы полициясы департаменті несие алу саласында қитұрқылықпен айналысқан ұйымдасқан топты құрықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаржы полициясы департаменті несие алу саласында қитұрқылықпен айналысқан ұйымдасқан топты құрықтады

Алматы қаржы полициясы департаменті несие алу саласында қитұрқылықпен айналысқан ұйымдасқан топты құрықтады

Алматы қалалық қаржы полициясы департаменті ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оның қитұрқы әрекеттеріне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл қылмыстық топ көпе-көрнеу қайтарылмайтын ірі көлемдегі несиелер алуды әдетке айналдырса керек. Бұл туралы қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған.

  • 26 Қыркүйек 2003
  • 436
Фото - Caravan.kz

Қылмыстық топ 2001-жылдың күзінен бері жұмыс істеген. Қаржы полициясы департаментінің ақпаратына сәйкес, аталмыш қылмыстық топтың мүшелері тұтыным несиесін жұмыссыз тұрған кәсіпорындардың жалған және ұрланған құжаттарымен алып отырған. Банкпен арадағы келісім-шарты бойынша тұтыным несиесі ретінде алынған тұрмыстық техниканы сатып, түскен қаржыны бас пайдасына жаратқан.

Қылмыстық топ осы мерзімде жалпы алғанда 1,42 млн. теңге қаржыны қолды болдырған.
Қылмыстық топ мүшелерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар