Алматы қаржы полициясы кеден қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаржы полициясы кеден қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады

Алматы қаржы полициясы кеден қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады

Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаменті пара бопсалап алды деп айыпталған қалалық кедендік бақылау департаментінің екі офицерінің үстінен қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Наурыз 2005
  • 358
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, 2004-жылдың қараша айында департаментке шағым айта келген бір кәсіпкер кеден қызметкерлері өзінен 2,7 мың доллар пара бопсалағанын хабарлайды. Оның айтуынша, қалалық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері кәсіпкерге қарасты жүктің құнын жасанды түрде асыра бағалап, құжаттарда көрсетілген қаржыдан алты есе артық кедендік баж салығын төлеуді талап еткен. Сонымен бірге кедендік бөлімше бастығы жүкті уақытша сақтау қоймасынан босатып алуға қажетті құжаттарды жылдам әрі кедергісіз алу үшін тағы да 2,7 мың доллар талап еткен.

Алматы қалалық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері екі кеденші офицерді пара алғаннан кейін қолға түсірді.

Перейти к новостям спорта