Алматы: қоқыс полигоны оралмандар паналайтын жерге айналып барады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: қоқыс  полигоны  оралмандар паналайтын жерге айналып барады

Алматы: қоқыс полигоны оралмандар паналайтын жерге айналып барады

Алматының қоқыс алаңы кордоннан жасалған кішігірім қалашыққа айналып барады. Өйткені айналасы қоршаусыз тұрған полигон тұрақты мекені жоқ азаматтардан өзге, енді оралман отбасылары да паналайтын жер болды. Мұндағылар бөтелке, темір сынды іске қажетті заттарды сатып күнелтеді. Ал полигон қожайындары  оларды сан мәрте қуып әуре болғандарын, бірақ одан түк шықпай жатқанын айтуда.  Қоқыс алаңындағы қалашық тіршілігін біздің тілшіміз де көріп қайтты.

  • 16 Маусым 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

Бұл күніне 2 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жеткізілетін Алматы іргесіндегі ең үлкен қоқыс полигондарының бірі. Тынымсыз сабылған КамАЗ көліктері  бірінен соң бірі келіп, тиелген жүктерін төгіп кетеді.

Алайда полигонға кіретін негізгі қақпадан өзге, аймағы қоршаусыз тұрғандықтан, бұл жерге жаяу жүргіншінің ішке кіруі аса қиын емес.  Сондықтан да болар, қоқыс алаңың жағалай   қабырғасы кордоннан қаланған 40 шақты лашық бүтін бір ел жайлаған қонысқа айналған. Жиналған көрпе-жастық, ыдыс-аяқ, әр жерде шышылып жатқан ойыншықтар мен нәрестелердің  киіміне қарап, мұнда күнделікті отбасылық тіршіліктің қызып тұрғанын да байқау қиын емес. Алайда бізден жасырынды ма, қоқыс «ауылынан» бүгін біз  бір жанды таппадық. Ал жол-жөнекей жолықтырған бір адамымыз  осында тек түстенуге келетінін айтып ақталды.

Арман:

— Біз бұл жерде тұрмаймыз. Тек жұмыс жақта ыстық  болған соң арасында осында келіп шай ішіп, тынығып аламыз.

Өзін  «Арман»  деп таныстырған жігіт осында бірнеше жылдан бері бөтелке жинапсатады екен; табысы көп емес, бірақ өлместің күнін кешуге болатынын айтады. Алайда соңғы уақытта «жұмыстары»тоқтап қалыпты. «Лашықтардың да бос қалауының себебі содан» -деді ол.

Арман:

— Тауар көп жинасақ 30 мың, кейде 40 мың теңгеге дейін дейін табамыз.  

Бірақ жақын маңдағы тұрғындардың айтуынша, бұл жерге Қарақалпақстаннан келген оралман отбасылары тұратын көрінеді. Күн жылынғаннан бері бала-шағаларымен қоныстанған олар сол маңдағы қалдықтарды  жинап жүреді.

Қоқыс алаңында бой көтерген қалашық. Ал  мына жер қалашықтағы басты көшелердің бірі. Алайда айналаны жайлаған тыныштыққа қарап, тұрғындарының барлығы «тіршілік қамымен кеткен бе?»  деген ой келеді.  Үлкендер жұмыстарына, ал балалар балабақшаларына…


Полигон басшылығы:  “Қоныстанған тұрғындардың нақты кім екенін білмейміз” — дейді. Сан мәрте алаңнан қуып көргендерін де айтып ақталады. Бірақ  одан ештеңе шықпаған. Ал мән-жәйді бізден естіген Алматы қалалық көші-қон басқармасының өкілдері: “Қоқыс алаңын мекендеушілер қаңғыбас жандар болмаса, оралмандар болуы мүмкін емес”, — дейді.

Айкелді Асанов, Алматы қалалық көші-қон басқарамысы басшысының орынбасары:

— Сұрақтарыңызға жауап беру үшін ең алдымен ол қоқыс алаңына өзіміз барып, көзімізбен көруіміз қажет. Өйткені біздің тіркеуіміздегі оралмандардың тек біреуінен басқасына көмек көрсетілген. Сондықтан ол жердегілер оралмандар емес, қанғыбас адамдар болуы мүмкін.

Панасыз қалған адамдар ма, әлде оралман отбасылары ма, бірақ полигон маңында тіршілік етуге мәжбүр болған жандарға қандай да бір көмектің қажет екені сөзсіз. 

Соңғы жаңалықтар