Алматы: рейд барысында 35 заңсыз сауда орындары мен 29 жабайы сауда нүктелері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: рейд барысында 35 заңсыз сауда орындары мен 29 жабайы сауда нүктелері анықталды

Алматы: рейд барысында 35 заңсыз сауда орындары мен 29 жабайы сауда нүктелері анықталды

Алматыда шілденің 1-7 аралығында қала полициясы мен әкімдігінің және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бірігіп жүргізген рейді барысында 35 заңсыз сауда орындары мен 29 жабайы сауда нүктелері анықталды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 671
Фото - Caravan.kz

Жүргізілген іс-шара барысында Алатау ауданында — 3, Әуезов ауданында — 6, Алмалы ауданында — 4, Бостандық ауданында — 7, Жетісу ауданында — 9, Түрксіб ауданында — 6 заңсыз жұмыс істеп тұрған орындар жабылды.

Рейд жұмыстары сонымен қатар, қала базарларының айналасында да жүргізілді. Полиция күшімен барлық жабайы сауда мен жайма базар нүктелері таратылды. Мұнда негізінен көкөністер мен жеміс-жидектер, сонымен қатар, ұсақ-түйек тауарлар сатылған.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мамандарының айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар