Жарияланды: 420

Алматы сайлау комиссиясы сенат депутаттығынан үш үміткерді тіркеді

Алматы. 2 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы сайлау комиссиясы сенат депутаттығынан үш үміткерді тіркеді. Бұл туралы Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Парламент сенатының депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну және тіркеу барысында 2 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Алматы қаласы бойынша 10 кандидаттың аты, соның ішінде мәслихат 1 кандидатты ұсынса, 9 азамат өз атын ұсыну құқығын пайдаланды", - деді Әділ Жүнісов. Оның айтуынша, "республика бойынша, 80 адамның аты ұсынылса, оның 10 адамы - Алматыдан, бұл -жақсы көрсеткіш". "Тіркеу қорытындысы бойынша сайлау комиссиясы барлық процедурадан өтіп шыққан үш адам - бұрынғы парламент депутаты Жұмабек Төрегелдинов пен екі кәсіпкер - Рустам Құдайбергенов пен Тоқтар Сейтеновтың атын ұсынады",- деді ол. Бүгін парламент сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады. Бұл туралы ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бүгін өткен брифингте мәлім етті. "Парламент сенаты депутаттарының сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 2 қазан күні сағат 24.00-де кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті аяқталады",- деді ол. Ол : "3 қазанда, сондай-ақ, дауыс беру күні - 4 қазанда - сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынған", деп атап өтті. Сайлау комиссияларының үй-жайлары мен дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерлерде бұрыннан ілінген баспа үгіт материалдары сол орындарында сақтала алады. Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулерді дауыс беретін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс беретін күні жариялауға жол берілмейді. Бүгінгі күні республика бойынша Сенат депутаттығына барлығы 37 кандидат тіркелген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть