Алматы салық департаменті төрағасының орынбасары 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсті - ҰҚКД - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы салық департаменті төрағасының орынбасары 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсті - ҰҚКД

Алматы салық департаменті төрағасының орынбасары 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсті - ҰҚКД

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы салық департаменті төрағасының орынбасары М.Нұрғалиев 11 тамызда өзінің қызмет бөлмесінде 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте қолға түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Тамыз 2008
  • 516
Фото - Caravan.kz

«Бұл лауазым иесі қаладағы бір коммерциялық құрылымның өкілінен оны жоюға көмек көрсеткені үшін ақша бопсалаған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

М. Нұрғалиевтің тұрғылықты жеріндегі тінту кезінде 130 мың АҚШ доллары, 20 мың евро және 850 мың теңге табылып тәркіленді. Сонымен бірге, ұсталғанның атындағы Халық банкіндегі депозитарийден 400 мың АҚШ доллары мен 308 мың евро тәркіленді. Сөйтіп, М. Нұрғалиевтен тәркіленген ақшаның жалпы көлемі 1 млн АҚШ долларынан асқан.

«Сондай-ақ, М.Нұрғалиевтің жұмыс бөлмесін тексерген кезде оның жұмыс үстелінен өзі басқаратын Алматының Алмалы ауданының салық комитетінің барлық қызметкерлерінің атынан жазылған, күні көрсетілмеген жұмыстан өз бетімен кету жөніндегі өтініштердің тәркіленгенін айта кету керек», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

М. Нұрғалиев қазір ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132-ші бабына сәйкес ҰҚКД-нің тергеу абақтысына қамалды. Бүгінде М.Нұрғалиевтің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар