Алматы сауда орталықтарында «Мінсіз» тауар бөлімдері ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы сауда орталықтарында «Мінсіз» тауар бөлімдері ашылады

Алматы сауда орталықтарында «Мінсіз» тауар бөлімдері ашылады

«Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасы» "Метро" сауда орталығымен «Мінсіз» тауар бөлімдерін ашу жөніндегі меморандумға қол қойды.

  • 9 Маусым 2011
  • 356
Фото - Caravan.kz

Осыған орай, енді ірі сауда орталықтарында «Мінсіз тауарлар» бөлімдері ашылатын болады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында «Қазақстан тұтынушылары ұлттық лигасының» басшысы Светлана Романовская мәлім етті.

Оның айтуынша, осындай бөлім ашу жөніндегі ұсыныстар Алматы қаласындағы ірі сауда орталықтарына жасалған. «Қазір әзірге, «Метро» мен «Green» сауда орталығы ұсынысымызды қабылдады. Ондай бөлімдер тұтынушыға сапалы тауар таңдауда уақыт жоғалтпауына ықпал етіп қана қоймай, дұрыс таңдау жасауы үшін қажет. Маусымның 11-і күні, «Мінсіз» халықтық сапа белгісімен марапаттау рәсімінен кейін аталмыш орталықтарда тұрақты негізде «Мінсіз тауарлар» бөлімдері жұмыс істейтін болады. Сондықтан «мінсіз» тауарларын іздеңіздер. Біз де өндірушілер сияқты ұсынып отырған тауарлардың сапасына жауап беретіндігімізді біліп жүріңіздер»,-деді Светлана Романовская.

Соңғы жаңалықтар