Алматы: СЭС базарларда көкөністерден ішек таяқшаларын таппады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы:  СЭС базарларда көкөністерден ішек таяқшаларын таппады

Алматы: СЭС базарларда көкөністерден ішек таяқшаларын таппады

Алматы СЭС-і қала базарларында сатылып жатқан көкөністерден энтерогеморрагиялықішек таяқшаларын таппады, деп мемсанэпидқадағалау департаментінен дүйсенбі күні хабарлады.

  • 6 Маусым 2011
  • 635
Фото - Caravan.kz

«Еуропа елдерінде қиярға байланысты энтерогеморрагиялықішек таяқшалары тудыратын ішек жұқпалы ауруының бұрқ етуіне байланысты бас санитарлық дәрігер «Эпидемияға қарсы санитарлық шаралар туралы» қаулы шығарды. Алматыда Германия мен Испаниядан әкелінетін көкөністерді сататын сауда кәсіпорындары мен базарларда қадағалау күшейтілді», — делінген хабарда.

«2011-ші жыл басына санитарлық-химиялық көрсеткіштеріне өсімдіктердің 30 сынамасы тексерілді. Нәтижесі нормаға сай келеді», — делінген СЭС хабарында.

Барлығы рейдтік тексерумен 30-шы мамыр мен 2-ші маусым аралығында 18 сауда нысаны тексеріліп, оның ішінде 12 базар мен 6 супермаркет, оның ішінде «Метро», Small, «Сити Плюс», «Рахмет», «Рамстор», «Таң» супермаркеттері тексерілді. Алматының сауда нүктелері негізінен көкөністерді «Алтын Ордадан» сатып алатыны анықталды. Ол жерге өнім негізінен Өзбекстан, ҚХР және Оңтүстік Қазақстаннан келіп түседі.

Әуезов ауданындағы «Сити-Плюс» супермаркетінде Германиядан жеткізілетін тоңазытылған жеміс-жидектер сатылатыны анықталды (36 түрлі). Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Одан басқа, 27-ші мамыр мен 2-ші маусым аралығында Алматы саниэпидқадағалау қызметі АІІБ өкілдерінің және әкімдіктің өкілдерімен қосылып рейд жүргізілді, оның барысында 9 дүңгіршек жойылды.

Рейд барысында базар маңындағы стихиялық сауданың 62 нүктесі жойылды. Сүт және сүт өнімдерін, самса, кондитерлік бұйымдар сататын 47 стихиялық сауда нүктесі жойылды.

Соңғы жаңалықтар