Алматы СЭС-ы өткен аптада 61 жабайы сауда нүктесін жапты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы СЭС-ы өткен аптада 61 жабайы сауда нүктесін жапты

Алматы СЭС-ы өткен аптада 61 жабайы сауда нүктесін жапты

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санэпидқадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті (СЭС) 24 маусым - 1 шілде аралығындағы кезеңде 61 жабайы сауда нүктесін жапты, делінген СЭС ақпаратында.

  • 4 Шiлде 2011
  • 579
Фото - Caravan.kz

«Өткен аптада 24маусым мен1 шілде аралығында Алматы қаласының санэпидқызметі АІІБ мен әкімдіктің өкілдерімен рейдтер өткізді, (…) 6 дүңгіршек жойылды… Мобильді топтар жабайы сауда жүргізілген 61 нүктені жапты», — делінген СЭС-тың дүйсенбі күні таратқан ақпаратында.

Өткен аптада 7 базардың айналасы тексеріліп, «Болашақ», «Құлагер», «Жұлдыз», «Тастақ», «Карим» және «Ботагөз» базарларының қасынан 25 жабайы сауда нүктесі жойылды.

Бақша дақылдарын сататын нүктелерден сынама алып, бақылау-қадағалау шаралары күшейтілді.

СЭС мәліметінше, ұсақ бөлшек сауда жүргізетін 54 объект қызметін жалғастыруда, оның:10 — Алатау ауданында, 9-ы Әуезов, 12-сі Алмалы ауданында, 7-еуі Жетысу, 8-і Медеу ауданында, 4-еуі Бостандық және 4-еуі Түрксіб ауданында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар