Алматы СЭС-ы жабайы сауданың 40 нүстесін жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы СЭС-ы жабайы сауданың 40 нүстесін жойды

Алматы СЭС-ы жабайы сауданың 40 нүстесін жойды

Алматыда мемлекеттік санэпидемқадағалау департаменті (СЭС) жабайы сауданың 40 нүктесін жойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

  • 20 Маусым 2011
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Өткен аптада жабайы сауданың 43 нүктесі анықталып, оның 40-ы жойылды. Ұсақ сауда желісінің 52 нысаны (дүңгіршектер) жұмыс істеп жатыр. Азық-түлік дүңгіршектерін жоюда көмек көрсету үшін Алмалы, Жетісу, Медеу, Түрксіб аудандарының әкімдіктеріне ақпарат жолданды. 2 айыппұл салынды. Әуезов ауданындағы бір дүйгіршектің қызметін тоқтату туралы материал сотқа жіберілді», — делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, 8 базардың маңайы тексерілді. Жабайы сауданың 39 орны анықталып, жойылды, соның ішінде: қозғалатын арбалардан көкөніс пен жемістер, нан-тоқаш өнімдерін сату, сүт өнімдерін, самса, кондитер өнімдерін сату, аппараттан жұмсақ балмұздақ сату, контрафакт өнімдер сату, халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік өнімдерін даналап сату.

Сондай-ақ, Алматы СЭС-ы сауда орындарына Еуропадан жеткізілген көкөністерді сату бойынша мониторинг жүргізеді. Қазіргі уақытта Алматы сөрелерінде Германия мен Испаниядан әкелінген көкөністер жоқ. Тексерілген көкөністерде энтерогеморрагиялық ішек таяқшасы табылған жоқ.

Соңғы жаңалықтар