Алматы спорттық билерден дәстүрлі «Көктемгі танго» халықаралық турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы спорттық билерден дәстүрлі «Көктемгі танго» халықаралық турнирі өтеді

Алматы спорттық билерден дәстүрлі «Көктемгі танго» халықаралық турнирі өтеді

Бүгін кешке Алматыдағы Достық спорт кешенінде спорттық билерден ХІ «Көктемгі танго» халықаралық турнирі басталады.

  • 22 Сәуiр 2012
  • 572
Фото - Caravan.kz


«MT-Sport Presentation» ЖШС ұйымдастырған 2 күндік бұл дүбірлі дода аясында Қазақстан чемпионаты мен IDSF біріншілігі өтеді. 2001 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан жатқан бұл жарыс былтыр 16-17 сәуірде өткен еді. Онда барлық сында қазақстандықтардың мерейі үстем болды. Мәселен 10 биден ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында 1-3 орынды алматылықтар өзара бөлісті. Атап айтқанда Евгений Плохих мен Елена Ключникова бірінші, Антон Смольянинов пен Наталья Беклемишева екінші, Сергей Попов пен Марина Лаптиева үшінші орын алды. «IDSF Open Standart» бәсекесінде қазақстандық Евгений Плохих пен Елена Ключникова бірінші, Антон Смольянинов пен Наталья Беклемишева екінші, қонақтардан өзбекстандық Султан Султанов пен Азиза Маджидова үшінші орынды иеленді. Ал «IDSF Open Latin» сайысында 1-2 орынды қазақстандық Борис Мальтцев пен Зарина Шамсутдинова, Антон Смольянинов пен Наталья Беклемишева иеленді. Қонақтардан ресейлік Артем Турченко мен Валентина Маркина ғана үздік үштіктің қатарына ене алды.

Перейти к новостям спорта