Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі таулы жерлерде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар туристерге мынандай ережелерді жадыда сақтауды ескертеді:
- маршрутты зерттеңіз: ұзақтығы, биіктік айырмашылықтары, күрделі жерлері, демалатын орындар;
- 112 қызметіне, туыстарыңызға немесе достарыңызға қайда, қашан баратыныңызды және қай уақытта оралатыныңызды ескертіңіз;
- ауа райы болжамын тексеріңіз, тауда ол күрт өзгеруі мүмкін: боран, қар жауу қаупі бар;
- жергілікті жермен танысыңыз: карта, компас, GPS немесе навигатор алыңыз;
- дене дайындығыңызды пысықтаңыз, әсіресе маршрут күрделі болса, биікке көтерілу қажет болса;
- егер қар көшкіні қаупі туралы ескерту жарияланса, тауға шығудан бас тарту ұсынылады. Жаңадан жауған қалың қар байқалса, сапарды екі-үш күнге шегеріп, қардың отыруын күткен дұрыс!
Бұған дейін Алматы тауларына саяхаттаған үш жігіт ұшты-күйлі жоғалып кеткені хабарланған. Кейіннен бірінің, одан соң екеуінің де денесі табылды.