Ол үшін Франциядан келген ұшқыштар отандық мамандарға екі апта бойы дәріс өткізіп, тікұшақтың барлық мүмкіндіктерін паш етті. Арнайы техника бара алмайтын 4 мың метр биіктіктегі шатқалдарда қалып қалған адамдарға көмек көрсету үшін бұл таптырмас көмекшіге айналмақ. Себебі ішіне 8 адам еркін сиып, жылдамдығын сағатына 268 шақырымға жеткізе алады. Сонымен қатар құрал-жабдықтар арқылы тікұшақты жерге қондықмай-ақ зардап шеккендерді бортқа көтеру мүмкіндігі жасалған.
Бауыржан Мұхамеджанов, Тікұшақ бөлімінің командирі:
– Рұқсат алып отырмыз. 3-4 мың метрге дейін ұшуға француз ұшқыштары бізбен жаттығып, бір апта бізді үйретті. Олар өте тәжірибелі, 10 жылдан аса осы тікұшақтарды меңгеріп жүр.