Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов сілтеме жасап, Caravan.kz хабарлады.
2018 жылдың 20 қаңтарында кешкі сағат 11-де «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының аумағында 4 турист — Чехия азаматтары жоғалып кеткен.
Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының жедел тобы барған. Іздеу жұмыстарына кинологтар жұмылдырылды.
Іздеу жұмыстарын Алматы қалалық әкімдігінің құтқару қызметі қалалық ІІД-мен бірлесіп жүргізген. Іздеу жұмыстары 4 жарым сағатқа созылды.
21 қаңтарда таңғы сағат 4.30-да туристер «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты мен «Шымбұлақ» шыңының аралығынан табылған. Қазір олар қауіпсіз жерде.