Алматы ТМД елдерінен жиналған ұрылар мекеніне айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы ТМД елдерінен жиналған ұрылар мекеніне айналды

Алматы ТМД елдерінен жиналған ұрылар мекеніне айналды

Қазақстанда бұрын, яғни кеңес дәуірі кезінде де ұрылар көп болған, ал енді әлемдік дағдарыс орнаған кезде біздің мемлекетімізге түрлі елден ұрылар тобы ағылып келіп жатыр.

  • 25 Қараша 2015
  • 1033
Фото - Caravan.kz

Қылмыс бағытты өгертеді

ІІД басшылығы соңғы жылдары қылмыстық істерді азайту полицейлердің қолдарынан келіп жатқанын айтады, сол себепті қастықпен өлтіру, қарақшылық шабуыл біршама азайған. Расында да солай. Алайда бір мазалайтыны, қылмыстық әлемнің басымдылығыныың өзгергені байқалады: бүгінгі күні қылмыс түрінің 70 пайызын ұрлық пен тонау, алаяқтық құрайды.

Ағымдағы жыл басталғалы бері олардың есебінде 160 мың ұрлық тіркелген. Оған жеңіл қарай салуға болмайды: әмиянымды ұрлап кетті, онда тұрған не бар, қайта басым аман деп… Бұл жерде қуанарлық дәнеңе жоқ, себебі осындай ұрлық жәбірленуші азаматтарға үлкен материалдық залал алып келеді.

Мысалы, жақында Талдықорғанда соты ломбардты тонап, ақша мен 861 миллион 405 мың теңгені құрайтын бағалы бұйымдарды алып кеткен азаматты 6,5 жылға бас ботандығынан айырды. Бұл соңғы уақыттағы ең табысты қылмыстар қатарына жатады.

Қылмысты ашу барысында ең көп қиындық тудыратыны осы – ұрлық. ҚР ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры, Алмас Садубаевтің айтуынша, мемлекетімізде ұрлыққа қатысты істерді ашу орта есеппен 37,2 пайызды құрайды.

Алматы – қылмыстық істің орталығы

Ұрылардың көзқарасы бойынша, жіліктің майлы жері Алматы болып табылады. Бұл жерде адам да көп, табыс та қомақты. Алматы ІІД қылмыстық полиция басқармасының азаматтардың жеке мүлкін ұрлауға қарсы күрес бөлімі басшысының бұрынғы орынбасары Нияз Бегали ең басты мәселе – гастрольшілер екенін атап өтті.

– Бұрын Алматыға Қазақстанның түпкір-түпкірінен ұрылар келіп жатса, қазір олардың қатарына бұрынғы кеңес мемлекеттерінен қосылды, — дейді сұхбат беруші.

– Алматыда Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан жәнеде Шығыс Қазақстан облысынан, сонымен қатар, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден келген қалта ұрылары мен үй тонайтын ұрылар кәсіп етіп жүр. Көпшілігінің кәсіпқойлықтары жақсы болғанмен, Грузиядан келген қонақтарымызға жетпейді. Олар өз шеберліктерін патша кезеңінен бастап шарықтатып жүр, негізінде ұрлық пен алаяқтыққа келгенде оларған ешкім жетпейді.

2005 жылы Алматыда «назар аударушылар» пайда болған, олар 2-3 адам болып «жұмыс» істеген. Мақсат – көліктердің ішін ұрлау. Басқалары жүргізушінің назарын аударып тұрғанда, біреуі көлік ішінен шабадан мен қол сөмкелерді ұрлап кетеді. Ұрлықтың бұл түрін шығарғандар грузин ұрылары, алматылық әріптестерін де солар үйреткен.

Полиция қызметкерлері сол кезде ұрылар тобын, Грузияның Кутаиси қаласының 17 тұрғынын қолға түсірді. Олардың екеуінің лақап аты Хачапури мен Бек болатын.  Олар ұрылардың серкесі болған. Бірақ ұсталған олардың орнын басқалары басты.

Бұрынғы ұрымен сұхбат

Қалай ұры атанады? Олардың мамандығы бар ма? Осы және басқа да сұрақтарға бұрын «құрметті» қалта ұрысы атанған, жалпы алғанда 12 жылын темір тордың ар жағында өткізген, ал қазір қылмысты қойып, заңға сай өмір сүріп жүрген Қайрат есімді азамат жауап береді.

– Сіздің лақап атыңыз болды ма?

– Иә, мені бәрі Кайра Коктемовский деп біледі.

Қашаннан бастап және не үшін ұры атандыңыз?

– Бұл 1979 жылы болды, ол кезде Алматыдағы №51 мектептің 9 сыныбында оқитынмын. Сол кездері моңғолдардың былғары күртешісі мен джинсы шалбарлар сәнді болатын.  Бірақ оны алып беру үшін ата-анамда, ғылыми қызметкерлерде ақша болмаған. Levis («левис»), Wrangler (“врангеля”) джинсыйлары 200 рубль тұратын, ал Riorda 300-ге жететін. Былғары күртеше де сол баға шамасында. Сондықтан да бізге, жігіттерге, оны армандау ғана қалатын. Бірақ бір күні біздің ауламызға орта жас шамасындағы бір еркек келді, бізбен бірге отырып, ішімдік ішіп, қаласаңдар «қалта ұрлауды» үйретемін деп ұсыныс жасады. Ол Алматылық танымал ұрылардың бірі – Марат болатын.


Ұрылар қандай түрге бөлінеді?

«Қалта ұрлайтын», «үй тонайтын», «назар аударушылар», «сейф бұзушылар» (мұндай ұрылар Қазақстанда бұрын болмаған, қазір мүлдем жоқ шығар), «мал ұрлаушылар» және «глобалистер», қолдарына не түссе, соны алып кетеді.

Өз кезегінде «үй тонайтындар» екіге бөлінеді: «темір ұстасы» (бүкіл құлыптың түрін кәсіби түрде ашатындар), «кескіштер» (есікті дөрекі түрде ашатындар).

Қалта ұрылары «беткі жағын алатындар», «хирургтер», «ұшырып түсіретіндер», «бітікшілер» мен «маэстро» болып бөлінеді. Алғашқысы беткі жақта не жатса, соны ғана ұрлайды, «хирургтер, арнайы ілгек, біз, сол сияқты құралдарды пайдаланады. «Ұшырып түсіретіндер» сөмкені немесе қалтаны соғып қалып, әмиян, ұялы телефон, әлде банкноттарды шығарып жібереді. «Бітікшілер» киімді немесе сөмкені алдын ала төртке бөліп, ауыздарына салып  қоятын ұстараның бөлігімен кеседі. Сілекей болған ұстараның бөлігі тез әрі білдіртпей кесіп шығады. «Маэстро» өзінің епті қолына ғана сенеді. Олардың қолы тым сезімтал, жұмсақ әрі нәзік боп келеді.  

Қалта ұрылары қай жерлерде, қалай «жұмыс істейді»?

– Адам көп жүретін жерде, — қоғамдық көліктерде, базар мен сауда үйінде. Марат жігіттерді, мені үйреткен соң, біз гастрольге Кеңес одағының мемлекеттеріне ғана емес, Ресей федерациясына да баратын едік. Мен «маэстро» болсам да, біреудің қалтасына түсу оңай деп санауға болмайды. Жүрегің қағып кететіні соншалық, қан қысымы 200 ге жететіндей көрінеді. Негізінде біз ірі өндірістік мекемелері бар қалаларға, жалақы алуға жақындаған кезде баратынбыз. Автобусқа жұмысшылардың көптеп отырғанын күтіп, армансыз «жұмыс» істейтінбіз.

Сонда қалай?

– Мен әмиянды шығарып, бірден әріптесіме беретінмін, ал ол үшінші адамға беріп жіберетін. Сол себепті де егер жәбірленуші ұрлап кеткенін байқап қалып, мені көрсетсе де, полицейлер ешқандай дәлел таба алмайтын. Менің қылмысымды дәлелдеу үшін ұрланған зат қолымда болуы керек. Бірақ ол жоқ болатын! Бізді ұстап алып, соққыға жыққан кездер де болған, бірақ өте сирек.

Бір күнге қанша табатын едіңіздер?

– 200-ден бастап, 1000 рубльға дейін. Міне солай шалбарға да, былғары күртешеге де қол жеткіздік.

1981 жылы мен политехникалық институтқа оқуға түстім, сосын әріптесім екеуімізді Калинин аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері қылмыс барысында қолға түсірді. 4 жыл отырып шықтым, шыққан соң оқуға қайта түстім, сосын тағы да қамауға алындым, сөйтіп 2003 жылға дейін отырдым. Соңғы рет отырып шыққан соң, ұрлықты біржола қойып кеттім.

Ұрылардан қалай қорғануға болады?

Қайраттан қалта ұрыларынан сақтанудың жолын сұрадық. Ол біздің оқырмандарымызға бірнеше кеңес берді:

– Ақшаны немесе әмиянды қолда, сөмкеде,  шабадан әлде пакетте ұстамаңдар.

– Дүкенге немесе базарға бара жатқанда әмиянды ішкі әлде шеткі қалтаға салып, үнемі бақылауда ұстаңыз.

Әрине, бұл сіздерді «маэстродан» құтқарып қалмайды, бірақ олар қазір көп емес. Негізінде бізге ұжым болып жұмыс істейтін «бишара» келеді. Сондықтан да жас жігіттер мен қыздардың тобынан аулақ жүріңіздер. Олардың әдісі қарапайым: жәбірленушінің назарын аударады – итереді, аяқ киіміне түкіреді, тіпті кейде ине шаншып алуы да мүмкін. Сол себепті де қысылмай, айналадағылардың назарын аударыңыз. Дауыстап айқайлаңыз!

Алматы

Соңғы жаңалықтар