Almaty Towersтағы өрт: «Батут орталығы» ЖШС директорын қамау тағы 1 айға созылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Almaty Towersтағы өрт: «Батут орталығы» ЖШС директорын қамау тағы 1 айға созылды

Almaty Towersтағы өрт: «Батут орталығы» ЖШС директорын қамау тағы 1 айға созылды

Алматыда «Almaty Towers» ғимаратындағы өртке байланысты даулы іс бойынша сот тыңдауы өтті. Іс бойынша «Батут орталығы&

  • 30 Маусым 2017
  • 249
Фото - Caravan.kz

Алматыда «Almaty Towers» ғимаратындағы өртке байланысты даулы іс бойынша сот тыңдауы өтті. Іс бойынша «Батут орталығы» ЖШС-ның директоры Дәурен Тұяқовты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бостандық аудандық сотының судьясы істі прокурорға жаңа келісім жасау үшін қайтарды. Сотталып отырған 35 жастағы жігіттің кәмелетке толмаған екі баласы бар, үшіншісі ұсталып кеткен соң туған. Оның қорғаушысы Әлімжан Оралбайдың айтуынша, Тұяқов бұрын сотталмаған. Сот тыңдауында адвокат сотталушыға тағылған айыпқа байланысты ол жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс екендігін айтқан болатын. Алайда, оны 8 ай бойы тергеу изоляторында ұстап келген. «Менің қорғауымдағы азаматтың жасаған қылмысы абайсызда жүзеге асқан болса да, оны тергеу изоляторында ұстап отыр. Ол жігіт қазір түрмеде отыр. Онда жағдай өте қиын», — деді ол. Айта кету керек, 6 қарашада Almaty Towers ғимаратында өрт болған еді. Ғимараттан 80 адам қауіпсіз жерге көшірілген еді. Тілсіз жау 6 студенттің өмірін жалмаған. Аталған дерек сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестрінде тіркелді.