Almaty Towers-тегі өрт: Дабыл белгісінің жоқтығы адам өліміне себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Almaty Towers-тегі өрт: Дабыл белгісінің жоқтығы адам өліміне себеп болды

Almaty Towers-тегі өрт: Дабыл белгісінің жоқтығы адам өліміне себеп болды

«Almaty Towers» бизнес орталығында болған өрттен жапа шеккендердің құқықтарын қорғаушы авдокат Ерлан Бекболов адамдардың өлі

  • 9 Ақпан 2017
  • 400
Фото - Caravan.kz

«Almaty Towers» бизнес орталығында болған өрттен жапа шеккендердің құқықтарын қорғаушы авдокат Ерлан Бекболов адамдардың өліміне себеп болған оқиғаның бейнетүсірілімін журналистерге көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адвокат қайтыс болған 3 студенттің құқығын қорғап сөз сөйледі.

«Мына бейнетүсірілімге қарасақ, өрт қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істемейді. Бұл видео алдында берілген ақпаратты теріске шығарып отыр. Біріншіден, Алматы ТЖД-ның, екіншіден ғимаратты жалға алушылардың ақпаратын жоққа шығарады. Мұнда ешқандай да өрт қауіпсіздігі жүйесі жұмыс істемейді. Біздіңше, бұл өрттің сөндірілмеуіне бірден бір себеп. Тергеушілердің нұсқасы бойынша, бұл видео бойынша кінәлі бір ғана адам бар, ол батут орталығының директоры», -деді Ерлан Бекболов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өрт шыға қалған жағдайда дабыл дыбысы іске қосылуы қажет болған.

«Егер дабыл белгісі іске қосылғанда студенттерде аман қалуға мүмкіндік болар ма еді. Дабыл белгісі олардың ертерек қамдануына себеп болар еді», — деді адовкат.

Адвокат тергеу амалдары аяқталуға жақын қалғанын айтты. Ол сөзінде қадағалау органдары да жауапкершілікке тартылуы керектігін айтты.


Еске сала кетсек, бизнес-орталықтың отқа оранғандығы туралы ақпарат 6 қарашада сағат кешкі жетіде түскен. Өртті сөндіру кезінде 80 адам эвакуацияланды. Жалын шарпыған аймақ 1800 шаршы метрді құрады. Соның салдарынан бір адам мерт болды. Келесі күні үйінді астынан тағы да бес адамның мүрдесі табылған. Олар алматылық жоғары оқу орындарының студенттері болып шықты.

Осыған байланысты, AlmatyTowers бизнес-орталығындағы «Батут орталығы» ЖШС директоры Дәурен Тұяқов 2016 жылдың 15 қарашасында тұтқындалды.

«Бостандық аудандық соты ҚР ҚК 292-бабы, 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауда күдікті Дәурен Тұяқовқа қатысты екі айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарды», — деп хабарлаған болатын мекеме.