Жарияланды: 510

Алматы: Трудовик ықшамауданының тұрғындары бас көтерді!

Бүгін Алматының шеткі ауданы саналатын Трудовик ықшамауданының жоғын тізбектеген тұрғындар бас көтерді. Айтуларынша, тұрған жерге “ықшамаудан” деген статус қана берілгені болмаса, мектеп пен балабақшаның жоғы өз алдына,  жарық, ауыз су, жол сынды қарапайым әлеуметтік жағдайлар жарытып жасалмаған. Шыдамдары шегіне жеткен халық “басшылықтыңкөңілі ауар” деген үмітпен бүгін көше жауып, шу шығарды.      

“Барымыздан жоғымыз жетіп артылады!” Бүгін осылай деп ашынған Алматы іргесіндегі «Трудовик» ықшамауданының тұрғындары бірер сағатқа көшелерді жауып, көлік қозғалысын тоқтатты. 

Сан жылдардан бері жарытып жарық, ауыз су, жол көрмей келген халыққатты ызалы.

Ханшайым Қиясова, Трудовик ы/а тұрғыны:

- Мен осы жерге 1995 жылы көшіп келдім. Содан бері тілегіміз: жарық пен жол. Үйімізге кіріп-шығуымыз қиын. Жан-жақтың барлығына салады, бірақ,біздің көше қалып қоя береді. Бала-шағамызбен батпақта жүрміз!

Жиналғандардың айтуынша, ауылда қылмыстық жағдай ушыққан; ұрлық, тонау, адам өлтіру деректері жиілеген.      

Озерная көшесіндегі  көлшік те көпшіліктің көңіліне қорқыныш ұялатуда. Өйткені мұнда соңғы екі айдың ішінде қатарынан екі адамның мәйіті табылыпты. Тұрғындар оған көшелердің түнде «жарықсыз тұруы себеп»дейді.

-  Бүтін бір ықшамауданда учаскелік инспектор да жоқ.

- Өлтіреді де, лақтырып кете береді.

- Тапа-тал түстеүйіңізге ұры түсуі  мүмкін.

Тұрғындардың наразылық ұйымдастырып жатқанын естіген беті болар, Алатау аудынының өкілдері шу шыққан жерге дереу жетті.    

Мұқан Алмасов, Алатау аудандық абаттандыру бөлімінің бастығы:

- Бұл сұрақ біздің аудан әкімшілігінің алдына да неше рет қойылған.

Өйткені орташа жөндеу жұмыстары жол құрылыс басқармасымен бірген жұргізілуі керек еді. Бірақ ондай шара бірде-бір рет жүргізілмеді. 

Осылай деген басшы жоғы көп ауылдың тұрғындарын жұма күнге кездесуге шақырды. Ондағы мақсаты – бірлесіп Қалалық жол құрылысы басқармасынан жауап алу. Айтуынша,  үш жыл бұрын қаржысы бөлінген жолдың күні бүгінге дейін неге жөнделмей келе жатқаны сонда белгілі болмақ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін