Алматы түбіндегі Қызылту ауылының тұрғындары қара су үшін жаға жыртысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы түбіндегі Қызылту ауылының тұрғындары қара су үшін жаға жыртысуда

Алматы түбіндегі Қызылту ауылының тұрғындары қара су үшін жаға жыртысуда

Су үшін жаға жыртысқандар! Алматы түбіндегі Қызылту ауылының тұрғындары қыркүйектің бірінші күнін қып-қызыл қырғынмен бастады. Бала-шағасын мектепке жөнелтпек болған жұрт таң атпастан құдыққа таласқан. Үлгергендері – алғашқы қоңырауға тазаланып барса, қалғандары сабаққа сол күйі жуынбастан-ақ аттанды.

  • 2 Қыркүйек 2015
  • 418
Фото - Caravan.kz

Мен бірінші алып кетейінші, су керек боп тұр. – Ей, тұра тұр, очередь, қайдағы? Біз бағанадан тұрмыз!

Мұндағы жұрт таңғы сағат жетіден суға таласқан. Сабаққа баратын мұғалім де, мектепке жиналған оқушы да құдық басында. Гүл шоқтарынан бұрын, бірінші су жинап алуға асығып тұр.             

Роза Мұхаманова, Қызылту ауылының тұрғыны:

— Мінекей, мына балалардың бәрі кір-кір, жуынбаған күйінше мінекей мектепке барып отыр. Өте қиын жағдай. Мынадай 21-ші ғасырда үлкен Алматының түбінде 20 км жерде тұрған ауылда суға жарымаған, деген бұл ұят!  

Су жоқтығының салдарынан ата-аналардың көбі балаларын мектепке жуындырмастан аттандырған. Жағдайы барлары қалаға моншаға түсіп келіпті. Суды күтіп әбден мезі болған жұрт енді үйін сатуға да қойған. Бірақ бағасын қанша арзандатса да, судың жоқтығы салдарынан сатып алушылар тіпті саудаласпастан теріс айналып кетеді екен.       

Самрат Құдайбергенұлы, Қызылту ауылының тұрғыны:

— Қалай тұрады? Кім тұрады бұл жерде? Үйімізді сатуға қойдық. 11 жыл болды, үйді ешкім алмайды бұл жақтан. Су жоқ, свет жоқ, келетін адам бірінші не сұрайды, су бар ма, свет бар ма? Газ бар ма, жолды көреді де қашады. Бұл масқара ғой енді 18 км алматыдан тұрып масқара!

Бүкіл ауылға ортақ бір ғана құдық  кейде суалып, сонда тұрғындар көрші ауылдарды кезіп кетеді екен. Ал көлігі барлары қаладан тасып ішеді. Тұрғындардың айтуынша, атышулы «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасымен ауылға осыдан үш жыл бұрын су жүргізілуі тиіс болған. Алайда жұмысты бастаған құрылысшылар сол күйі ұшты-күйлі жоғалған.


— Балалар мектепке бара алмайды, суды сіз екі аптадан кейін болады деп едіңіз әлі жоқ қой? – Суды бергіземіз, бергіземіз, бүгін-ертең беріледі.

Оқу жылы басталмай жатып су қосамыз деп ант-су ішкен шенеуніктер телефонмен тағы да уәдені үйіп төкті. Енді келіп, он жыл болмаған суды он күнде қосамыз деп жұртты сендіруге тырысты.  

Дулат Дәулетәлиев, Панфилов ауылдық аймағы әкімінің міндетін атқарушы:     

Жұмыс жасалып жатыр. — Құрғақ уәде ол. Құрғақ уәде! — 10-дейін күтесіздер. Суды айтып тұрмын ғой келетін уақытын одан басқа не айта алам? –Енді оқушылар мектепке кір кір боп барды ғой! – Қай жері кір? Қай жері кір?

Десе де біраз баланың бүгін жуынбай барғанын ата-аналар растап отыр. Ертең де дәл осылай болуы мүмкін. Өйткені су жеткенше оқушылардың тазалық жағы қиын болайын деп тұр. 

Соңғы жаңалықтар