Алматы тұрғындарына көшкін қаупіне байланысты таулы аймаққа шықпауға кеңес берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғындарына көшкін қаупіне байланысты таулы аймаққа шықпауға кеңес берілді

Алматы тұрғындарына көшкін қаупіне байланысты таулы аймаққа шықпауға кеңес берілді

Алматы қаласы мен Алматы облысының таулы аудандарына 1-3 желтоқсан аралығында көшкін қаупіне байланысты қар басқан тау бөктерлеріне бармауға кеңес берілді.

  • 3 Желтоқсан 2012
  • 507
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін «Қазгидрометтің» ескертулеріне байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ-ның «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары Александр Бабайкин мәлім етті.

«Бүгінде барлық тау шатқалдарына баратын жолдар жабылды, ескерту белгілері қойылды. Біздің ақпаратымыз бойынша, ертең қар жауу тоқталады, содан кейін комиссия шығып, адамдарға қауіп төндіретін жерлерді анықтайды. Мәселен, Шымбұлақта алдын ала көшкін жасалып, қар төменге етекке түсіріледі», — деп қосты А.Бабайкин.

Алматыда 30 қарашадан 1 желтоқсанға дейін қардың мол жаууы салдарынан 300-ден астам ағаштар мен бұтақтар құлады. Оның ішінде электр желілерінің үстіне құлауының 50 жағдайы, жүргінші жолдарына құлаған — 30 жағдай, автомобильдерді басып қалған — 15 жағдай, ғимараттар төбелеріне құлаған — 18 дерек тіркелген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Алматы қалалық жол полициясы басқармасының мәліметтері бойынша, 31 жол-көлік оқиғасы тіркелген, дегенмен құрбан болғандар жоқ. «Медеуден» Шымбұлаққа қарай жүретін жолға жол полициясы бекеті қойылды.

Қазірде «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық мекемесі 428 жұмысшысын және 238 бірлік техниканы қала аумағынан қарды тазалауға шығарды.

Сондай-ақ барлық басшылар төтенше жағдайларға жол бермеу үшін ғимараттар мен әлеуметтік, мәдени және ойын-сауық сипатындағы құрылыстардың аумағы мен төбелерін қардан тазарту шараларын қолға алуы тиіс.

Автомашиналар иелері автомобильдерін тұраққа қоюда қауіпсіздік шараларын алып, ғимараттар төбесінен мұз, ағаштардан қар түсуі ықтимал жерлерге автокөліктерді қоймауы тиіс.