Алматы тұрғыны аяғы ауыр әйелін өзін- өзі өлтіру жағдайына жеткізгені үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғыны аяғы ауыр әйелін өзін- өзі өлтіру жағдайына жеткізгені үшін сотталды

Алматы тұрғыны аяғы ауыр әйелін өзін- өзі өлтіру жағдайына жеткізгені үшін сотталды

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы тұрғыны аяғы ауыр әйелін өзін- өзі өлтіру жағдайына жеткізгені үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қараша 2008
  • 539
Фото - Caravan.kz

«Түріксіб аудандық сотында К.Юсуповты ҚР Қылмыстық кодексінің 102-бабының 2-тармағы бойынша айыптау жөніндегі бұрын-соңды болмаған қылмыстық іс қаралды. Оған жеті айлық мерзімде жүкті болған және бір жарым жастағы баланы асырап отырған өз әйелін өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін айып тағылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Сот жәбірленушінің осынау қорқынышты әрі ауыр шешімді Юсуповтың тарапынан жасалған ұдайы зорлық-зомбылыққа, қорлау мен кемсітушілікке байланысты қабылдап, өз еркімен өмірмен қош айтысқанын анықтады. Әйел материалдық тұрғыда жұбайына толық тәуелді болған», -деп хабарлайды Бас прокуратура.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушы «дұрыс тактика таңдау нәтижесінде айыпкердің айыбын дәлелдеп, сотты оған бас бостандығынан айыру жазасын жүктеуге бағыттаған».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар