Caravan Logo

Алматы тұрғыны аяғы ауыр әйелін өзін- өзі өлтіру жағдайына жеткізгені үшін сотталды

Алматы тұрғыны аяғы ауыр әйелін өзін- өзі өлтіру жағдайына жеткізгені үшін сотталды

"Түріксіб аудандық сотында К.Юсуповты ҚР Қылмыстық кодексінің 102-бабының 2-тармағы бойынша айыптау жөніндегі бұрын-соңды болмаған қылмыстық іс қаралды. Оған жеті айлық мерзімде жүкті болған және бір жарым жастағы баланы асырап отырған өз әйелін өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін айып тағылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Сот жәбірленушінің осынау қорқынышты әрі ауыр шешімді Юсуповтың тарапынан жасалған ұдайы зорлық-зомбылыққа, қорлау мен кемсітушілікке байланысты қабылдап, өз еркімен өмірмен қош айтысқанын анықтады. Әйел материалдық тұрғыда жұбайына толық тәуелді болған", -деп хабарлайды Бас прокуратура.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушы "дұрыс тактика таңдау нәтижесінде айыпкердің айыбын дәлелдеп, сотты оған бас бостандығынан айыру жазасын жүктеуге бағыттаған".