Алматы тұрғыны полиция қызметкерлеріне жүргізуші-экспедитордың өліміне қатысты қылмысты әшкерелеуге көмектесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғыны полиция қызметкерлеріне жүргізуші-экспедитордың өліміне қатысты қылмысты әшкерелеуге көмектесті

Алматы тұрғыны полиция қызметкерлеріне жүргізуші-экспедитордың өліміне қатысты қылмысты әшкерелеуге көмектесті

Алматы. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы тұрғыны полиция қызметкерлеріне жүргізуші-экспедитордың өліміне қатысты қылмысты әшкерелеуге көмектесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 479
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарланғанындай, 7 тамызда күндізгі сағат 3 шамасында Марков көшесінің бойындағы бір үйдің жанында «APPLE CITY» ЖШС-нің жүргізуші-экспедиторы өлтірілген болатын.

«Қылмыс орнында қызметтік шағын автобустың жанынан өліп жатқан жігіттің денесі табылған, оны әлдекімдер көп жерінен пышақтап өлтірген болатын. Шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыстың ізін суытпай ашу мүмкін болмады», — деді Алматы қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы басқармасының бастығы,полковник Амангелді Шідерқұлов.

Тәртіп сақшылары БАҚ арқылы осы қылмыстың бетін ашуға көмек көрсетуді куәгерлерден сұраған. Біраз уақыттан кейін полицияға телефон соққан бір жігіт сол күні жеке көлігімен жолаушы тасып жүріп күдікті жігіттерді көргенін жеткізген. Марков көшесінде таксисті үш жігіт тоқтатады. Олар Райымбека пен Тілендиев көшелерінің қиылысына жеткізуді сұрайды. Жолаушылардың қылықтары оған бірден сезік тудырған. Оның үстіне бір жігіттің киімдері қан болған.

«Куәгердің мәліметтері осы істе шешуші роль атқарды. Бір күдіктінің сипаттамасы жуырда қарақшылық шабуылы үшін сотталған еркектің белгілеріне ұқсас болған. Оперативтік қызметкерлер бір сағаттың ішінде оның жүрген жерін анықтады. Бұдан кейін тәртіп сақшылары экспедитордың өліміне қатысы бар барлық қылмыскерлерді ұстады», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Олар өздері жасаған қылмысты толық мойындады», дейді тәртіп сақшылары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар