Алматы тұрғынынан 330 килограмм сайғақ мүйіздері тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғынынан 330 килограмм сайғақ мүйіздері тәркіленді

Алматы тұрғынынан 330 килограмм сайғақ мүйіздері тәркіленді

Алматы облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері шұғыл профилактикалық шаралардың барысында Алматы тұрғынынан 330 килограмм сайғақ мүйіздерін тәркіледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы басқармасынан хабарлады.

  • 27 Қазан 2005
  • 481
Фото - Caravan.kz

Басқармадағылардың түсініктемесіне сәйкес, 26-қазанда «Ростов» бекетінде «Мерседес-Банц 108» автокөлігі ұсталып, тінту кезінде одан 330 килограмм сайғақ мүйіздері салынған 11 қап табылып тәркіленді.

Сонымен бірге Атырау-Орал тас жолында Махамбет ауылына таяу жерде Атырау облыстық ішкі істер басқармасының қызметкерлері «УАЗ-452» автокөлігін тоқтатты. Орал тұрғыны айдаған автокөліктен тәртіп сақшылары 45 килограмм балық тапты.
Бұл деректер бойынша тексеру жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта