Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді: Мұндай кезде не істеу керек? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.88
  • € 503.61
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді: Мұндай кезде не істеу керек?

Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезінді: Мұндай кезде не істеу керек?

ТЖМ Қазақстанда жер сілкінісі тіркелгенін мәлім етті.

  • 28 Қыркүйек
  • 21
Фото: Жансая Талипова/ Caravan.kz

Алматы тұрғындары бүгін жергілікті уақыт бойынша 09:38-де жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Мәліметтер нақтылануда. ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС алдын ала ақпараты бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді. Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталуда», — делінген хабарламада.

Кейін жер сілкінісі туралы ақпарат толықтырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Сейсмологиялык зерттеу институтының мәліметінше, Астана уақыты бойынша: 09:38-де тіркелген жер сілкісінінің есептік қарқындылығы:

  • Қаскелеңде – 2-3 балл
  • Боралдайда – 2-3 балл
  • Өтеген батыр ауылында 2 балл болды.

Алматылықтардың смартфондарына да осындай ескерту хабарламалары келді. Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға одан арғы нұсқаулар берілгенше ашық кеңістікте болуды ескертіп, ғимарат ішіндегі тұрғындарды сабыр сақтап, жақындарына өзінің орналасқан жері туралы хабарлауға шақырды. Сондай-ақ ғимараттардың зақымдануы немесе өрт ошақтары байқалған жағдайда бірден ТЖД байланыс нөмірлеріне хабарласу керектігі ескертілді. 

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Жер сілкінісі аяқталғанға дейін, үйде ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтап, сонда болу қажет. Мұндай орындарға күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішкі капитал қабырғаларынан пайда болған бұрыштар, ішкі капитал қабырғаларының бағандары мен жақтау арқалықтарының астындағы орындар жатады. Ғимараттан эвакуациялаудың ең қысқа жолын анықтаңыз немесе ғимарат ішінде қауіпсіз орында болыңыз. Сондай-ақ, жер сілкінісінен кейін отбасы үшін Кездесу орнын алдын-ала анықтау керек.

Алматы облысының ТЖД көпқабатты үйде тұратын әрбір азамат білуі тиіс қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:

— сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;

— сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз, үйде немесе ғимаратта күтіңіз;

— жиһаздан, терезелерден, люстрадан алыстаңыз;

— үйдің ішінде «өмір үшбұрыштарын» табыңыз, жүк көтергіш / капитал/ ішкі қабырғалардың бұрышында орын алыңыз;

— суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;

— алдын ала дайындалған «дабыл чемоданды» алыңыз

— ғимараттан шығыңыз (көп қабатты үйлерде-сілкініс тоқтатқаннан кейін);

— халықты жинау пункттеріне (жерге) барыңыз, әдетте бұл сіздің үйлеріңіздің жанындағы ашық алаң;

— жинау пункттеріне (жерлеріне) барған кезде электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;

— қайта болатын сілкініске дайын болыңыз;

— балаларға, қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.

Сілкініс тоқтатылғаннан кейін жинау пункттерінен (жерлерінен) ауқымды төтенше жағдай кезіне дайындалған ең жақын зардап шеккен халықты қабылдау пунктіне бару қажет. Алматы облысында халықты орналастыру үшін баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдайтын 412 пункт бар. Бұл пункттер әдетте сайлау учаскелерінің принципі бойынша анықталады, яғни, әдетте дауыс беру өтетін жерлерде. Сондай-ақ, бұл пункттер 2GIS қосымшасында көрсетілген.