Онда ел намысын қорғаған Геннадий Паршин шәкірттері ширек финалда Катардың «Әл-Араби» командасына 1:3 (19:25, 25:23, 23:25, 17:25) есе жіберіп жүлделі орындардан тыс қалды. Ал 5-8 орындар үшін болған ойында мьянмалықтарды 3:0 (25:22, 25:23, 25:22) және тайландтықтарды 3:1 (25:17, 25:19, 18:25, 25:17) есебімен ұтты. Финалдық ойында катарлықтардан (3:1) басым түскен ирандықтар Азия чемпионы атанса, қытайлықтарды 3:0 есебімен (27:25, 25:20, 25:19) ойсырата жеңген жапондықтар үшінші орынды иеленді.
Маусымның 5-і күні жалауын көтерген бұл дүбірлі додада топтық кездесуде Г. Паршин жаттықтыратын алматылық волейболшылар 2 ойында ұтып, 2 ойында жеңіліс тапты. Мәселен жапондықтарға 3:0, қытайлықтарға 3:2 есебімен есе жіберіп, Вьетнам (1:3) мен Индонезия (3:0) спортшыларынан басым түсті.