Алматы: волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры

Алматы: волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының 2-туры

Кеше Алматыдағы Октябрь Жарылғапов атындағы спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 2-туры басталды.

  • 12 Қаңтар 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz


Алғашқы ойын күні 1-турдың жеңімпазы болған Алматы облысының «Жетісу» командасы турнир кестесінің соңындағы Теміртаудың «Металлург АМТ» командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал 2-орындағы Қарағанды облысының («Қарағанды») спортшылары астаналықтарға 1:3 есебімен есе жіберді. 1-турда үздік үштікке енген Павлодар облсының «Ертіс-Қазхромы» өздерін өкшелеп келе жатқан «Алматыны» 3:2 есебімен ұтты. Бүгін «Жетісу» мен «Қарағанды», «Астана» мен «Ертіс-Қазхром», «Металлург АМТ» мен «Алматы» өзара ойнайды. Бұл тур 16 қаңтарға дейін созылады.