деп хабарлайды ҚР теннис федерациясының ресми сайты.
Ширек финалда Зарина Хайрудинова Ресей елінің теннисші қызы Полина Родионовамен кездесіп, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ал Анна Данилина турнирдің бірінші нөмері өзбекстандық Влада Екшибароваға қарсы ойын өткізіп, қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен тізе бүктірді.
Сонымен қатар бүгінгі ширек финалдық матчтарда жерлестеріміз жартылай сында кездесетін теннисшілердің есімдері белгілі болды. Корт алаңына ресейлік қос спортшы Александра Артамонова мен Анна Смолина арасындағы ойында Александра Артамонованың бағы басым болды. Есеп — 5:7, 6:4, 6:1. Қырғызстан елінің намысын қорғап жүрген Бермет Дуванаева 4/1 финалда турнирдің екінші нөмірі Екатерина Яшинадан 6:3, 6:1 есебімен басым түсті.
Ертең Хайрудинова қырғызстандық спортшы Дуванаевамен, ал Данилина ресейлік Артамоновамен кездесіп, өзара мықтыны анықтайды.