Опат болған жауынгер- Мәди Айтақынов. Алдынала белгілі болған ақпаратқа сәйкес, сарбаз өзін абайсызда атып алған. Қазір аталмыш жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, әскери тергеу амалдары жүргізілуде. Осыған орай әскери бөлім басшылығы да қойған сұрақтарымызға жауапты қысқа қайырды.
Жангелді Әбдіқадыров, №7552 әскери бөлімінің батальон командирі:
— Кеше түскі сағат 10-да болды, бұл жағдай. Мен толық білмеймін, нақты қалай болғанын қазір тергеу жұмыстары анықтайды.