Алматы және Маңғыстау облыстарында жол апаттарының салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы және Маңғыстау облыстарында жол апаттарының салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланды

Алматы және Маңғыстау облыстарында жол апаттарының салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланды

Астана. 24 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Маңғыстау облыстарында жол апаттарының салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 576
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Талғар ауданында Талғар — Береке — «Ақбұлақ» шипажайы тас жолында 22 қарашада сағат 12.00-де «Тойота» және «Фольксваген» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 20 жастағы «Фольксваген» көлігінің жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; 22 жастағы «Фольксваген» жүргізушісі мен 22 жастағы «Тойота» жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, тағы бір жол апаты Маңғыстау облысында болды. ТЖМ ақпаратына сәйкес, 22 қарашада сағат 22.30-да Қарақия ауданында Жаңаөзен — Ақтау тас жолында «Краз» көлігінің жүргізушісі «Тойота» көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан «Тойота» көлігінде отырған 40 жастағы еркек оқиға орнында қаза тапты; 44 жастағы жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар