«Жақын күндері күшті жауын жауады деп күтілуіне байланысты Алматы облысындағы тау бөктеріндегі және таудағы өзендерде су тасып, арнасынан асуы мүмкін», — делінген метеоқызмет хабарында.
Осы сияқты Павлодар облысында да жел күшеюіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды
«Павлодар облыстық гидрометеорология» орталық мәліметтерінше, 20-шы маусымда Павлодарда және Павлодар облысының жекелеген аудандарында солтүстік-батыстан жел 17-22 м/с қа дейін күшейеді деп күтілуде», — деп Павлодар облыстық ТЖМ департаментінен хабарлады.