Алматы және Павлодар облыстарында жол апатынан бір адам қаза тауып, он адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы және Павлодар облыстарында жол апатынан бір адам қаза тауып, он адам жараланды

Алматы және Павлодар облыстарында жол апатынан бір адам қаза тауып, он адам жараланды

Астана. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Павлодар облыстарында жол апатынан бір адам қаза тауып, он адам жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 385
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тас жолының 598-ші шақырымында 14 қыркүйекте «Мерседес» және «Тойота» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «Тойотаның» 37 жастағы жүргізушісі қаза тапты; «Тойотада» отырған 15 жастағы бозбала мен 53 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге, Павлодарда Павлодар — Лебяжий тас жолының 1-ші шақырымында 14 қыркүйекте екі «Мазда» көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тағы да екі жолаушы үйлеріне жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар