Алматы және Қарағанды облыстарында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы және Қарағанды облыстарында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жатқызылды

Алматы және Қарағанды облыстарында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жатқызылды

Астана. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Алматы және Қарағанды облыстарында болған жол апаттарынан үш адам қаза тауып, тоғызы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қараша 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Талғар ауданында Алматы — Көкпек — Төнкеріс тас жолының 8-ші шақырымында сағат 16.45-те «ВАЗ-2106» және «ВАЗ-2109» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 52 жастағы «ВАЗ-2106» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырып, 39 жастағы «ВАЗ-2109» жүргізушісі мен «ВАЗ-2106» көлігінде отырған екі ер адам ауруханаға жатқызылды.

Қарағанды облысында тағы бір жол апаты болды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 20 қарашада сағат 11.15-те Шет ауданындағы Ақшатау ауылы маңында Екатеринбург — Алматы автожолының 1707-ші шақырымында 36 жастағы «ГАЗель» жүргізушісі көлігін аударып алды. Көлікте 13 жолаушы отырған. Апат салдарынан 53 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырып, тағы бір 43 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізер жолда қайтыс болды. Алты жолаушы ауруханаға жатқызылды. Барлық зардап шеккендер Тәжікстан азаматтары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар