Ауа-райының қолайсыздығынан Алматы мен Қарағанды облыстарында жолдар жабылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
27 қаңтарда ауа-райының бұзылуына (көтайғақ, бұрқасын және жолдың нашар көрінуі) байланысты барлық автокөліктер үшін жолдар жабылды: сағат 13.20-дан бастап Теміртау — Ақмола облысының шекарасы (Алматы — Екатеринбург тасжолының 1051-1142-шы шақырымы жабық. 13. 35-тен бастап Сарышаған — Балқаш ( Алматы — Екатеринбург тасжолының 502-641-шы шақырымы жабық. 26 желтоқсан түнде Ақмола облысында жаңбырдың арты қарға айналған болатын. Кей аудандарда 40 сантиметрге дейін қар түскен. Қазіргі таңда тазалау жұмыстары жүріп жатыр. "ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдарды қабылдауға 13 жылыту пункті ашылды. Ауа-райының бұзылуына (көктайғақ, бұрқасын мен жолдың мүлде көрінбеуі, температураның минус 15-20 градусқа дейін төмендеуі) байланысты, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Сарыөзек — Көктал тасжолының 46-76 шақырым аралғы жабылды.