Жарияланды: 320

Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының учаскелері жабылды - ҚР ТЖМ

Алматы облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (бұрқасын) байланысты 1 желтоқсан күні сағат 12:55-те «Алматы-Көкпек-Қорғас» тас жолында (116-135 шақырым және 152-170 шақырым) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

Бұдан басқа, «Үшарал-Достық» көлік жолында (90-100 шақырым) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (қар, бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты 1 желтоқсан күні сағат 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» тас жолындағы Ушанова ауылы - Зырян қаласы (6-64 шақырым) және Зырян қаласы - Большенарым ауылы (175-249 шақырым) учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін