Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының учаскелері жабылды - ҚР ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының учаскелері жабылды - ҚР ТЖМ

Алматы және Шығыс Қазақстан облысындағы көлік жолдарының учаскелері жабылды - ҚР ТЖМ

Алматы облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (бұрқасын) байланысты 1 желтоқсан күні сағат 12:55-те «Алматы-Көкпек-Қорғас» тас жолында (116-135 шақырым және 152-170 шақырым) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нен.

  • 2 Желтоқсан 2012
  • 304
Фото - Caravan.kz

Бұдан басқа, «Үшарал-Достық» көлік жолында (90-100 шақырым) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райы жағдайының нашарлауына (қар, бұрқасын, нашар көрінушілік) байланысты 1 желтоқсан күні сағат 18:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Өскемен-Зырян-Рахман қайнары» тас жолындағы Ушанова ауылы — Зырян қаласы (6-64 шақырым) және Зырян қаласы — Большенарым ауылы (175-249 шақырым) учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Перейти к новостям спорта