Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Бит есімді еркек қасқыр мен Скaди есімді ұрғашы қасқырдың бөлтіректері 3 мамырда дүниеге келсе, Сэм мен Бакара жұбында 28 сәуірде төлдеген.
Алғашқы күндері қамқор аналықтар бөлтіректерін жасырып ұстаған, алайда қазір олар өздігінен сыртқа шыға бастады.
Зообақ мамандары мынадай қызық ақпаратты бөлісті:
«Ақ қасқырлардың бөлтіріктері туғанда сұр немесе қоңыр түсті болады — бұл түс оларға көлеңкеде жасырынып, жыртқыштардан қорғануға көмектеседі. Өскен сайын түстері өзгереді де, олар ата-анасына ұқсап, аппақ болады. Бұл түс оларға қысқы табиғатпен үйлесіп, көзге түспеуге мүмкіндік береді».
Сонымен қатар Шымкент зообағында үкілердің жұбынан балапан дүниеге келген.
«Қазір оған 1 ай толды. Балапан ұядағы анасымен бірге. Қызметкерлер күн сайын оны бақылап, жағдайын мұқият тексеріп отырады. Қоректенуі жақсы, дамуы тұрақты», — делінген Шымкент зообағының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Балапан анасымен бірге өз ұясында. Қызметкерлер күнделікті бақылап, жағдайын мұқият қадағалап отыр. Азықтануы жақсы, дамуы да тұрақты жүріп жатыр.⠀
Туған кезде қауырсыны ақшыл әрі өте жұмсақ болған. Қазір ол біртіндеп өзгеріп, ересек үкілерге тән түске айналып келеді – бұл үкілерге тән табиғи процесс.⠀
«Айта кетейік, үкілердің зообақта көбеюі — өте сирек құбылыс. Сондықтан бұл балапанның дүниеге келуі – біз үшін үлкен жетістік. Құс санын табиғи жолмен көбейтіп жатқанымызға қуаныштымыз!»Шымкент зообағының баспасөз қызметі