Алматы: Жаңалықта боздақтардың аруағына құран бағышталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы: Жаңалықта боздақтардың аруағына құран бағышталды

Алматы: Жаңалықта боздақтардың аруағына құран бағышталды

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай елімізде түрлі шаралар өткізілді. Алматы іргесіндегі Жаңалық қорымында орналасқан арнайы ескерткіш басына да жұрт жиналып, боздақтардың аруағына құран бағыштады. Олардың арасында алаштанушылар мен қуғын-сүргін құрбаны болғандардың ұрпақтары бар. Тағылымды шараға тілшіміз Құралай Пионер де қатысып қайтты.

  • 1 Маусым 2011
  • 592
Фото - Caravan.kz

 «97 жылдан бастап, 31 мамыр ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Содан бері жыл сайын дәл осы күні Алаш ұлдарын арда тұтушылар осында бас біріктіреді. Биыл да осы дәстүр қайталанды.»

Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында қазақ қоғамы білімді, зиялы азаматтарының арқасында алға ұмтылып, ерекшелене түскен еді. Ол Ахмет, Міржақып, Әлихан, Сәкен, Мағжан, Тұрар сынды арыстарымыздың есімдері жер жара бастаған кезең болатын. Алайда Сталиннің қатал бұйрығы бәрін жоқ қылды.

Кейін белгілі болғанындай, арда туған  азаматтар бар, жалпы саны төрт жарым мың боздақты Кеңес белсенділері Алматыдан 30 шақырым қашықтықтағы Жаңалық қорымындағы 15 гектарды алып жатқан жерде атып, тіпті кейбірін тірідей көміпті.

Бейбіт Қойшыбаев, алаштанушы:

— Жаңалық – Қазақстандағы ең үлкен қорым. Себебі: мұнда 4,5 мыңдай боздақтарымыз жатыр. Тек Қазақстаннан ғана емес, бұл жерге ТМД елдерінен де адамдар әкелініп, атылған…

Жаңалық қорымында құрбан болған азаматтарға арналған биіктігі екі метрден асатын ескерткіш 2004 жылы бой көтерген. Бұл жерге жыл сайын Алаш азаматтарын ардақтайтын халық пен олардың ұрпақтары жиналады.


Сәуле Меркібаева, қуғын-сүргін құрбаны Әшір Бүркітбаевтың немересі:

— Бұл кісі менің нағашы атам. «Халық жауы»атанып, осында атылып кеткендердің бірі. Кезінде Қазақстан жастар қозғалысын басқарған, Риддер өлкелік партиясының хатшысы, одан кейін Қазақ кен-металлургия институтының алғашқы басшысы болған. Алайда қудалаудың кесірінен атылып кетті. Жаңа аттары аталғандардың ішінде оның да есімі болды.

Тарихқа көз жүгіртсек, 1929 жылдан 1953 жылға дейін, дәл Сталин билік еткен тұста,жалпы Кеңес Одағынан 40 миллионнан астам адам солақай саясаттың құрбаны болған. Ал соның 100 мыңнан астамын қазақ азаматтары құрады. Ақыр соңында 25 мың адам атылу жазасына кесіліп, қалғандары 20-30 жылды арқалап темір тордың арғы жағына кете барды. Бұл сол замандағы, ашаршылық уақытын қосқанда,Алаш санын 42 пайызға кеміткен қасіретті кезең болды.  

Соңғы жаңалықтар