Жарияланды: 520

Алматы: жапырылған ағашты отауға кәсіби мамандар керек

Алматы орманын жапырып кеткен дүлей дауылдың салдарын жою үшін әлі 3 жыл уақыт керек. Іле Алатау ұлттық паркінің қызметкерлері әр шатқалдағы құлаған қарағайларды бір айға жуық уақытта толықтай есептеп шықты. Айтуларынша, 460 гектардағы 60 мыңнан астам ағашты кесіп, дайындау оңай емес. Ол үшінтіпті елдің әр өңірінен қауіпті жартастарда ағаш дайындап үйренген балташыларды  шақыртып, арнайы топ жасақталуда. Бұл жұмысты атқару үшін қазынадан 340 млн. теңге бөлінген.

17 мамырда болған дүлей дауыл Медеу шатқалындағы қарағай біткенді қиратып кеткен. Қазір мұндағы әр бөктердің бейнесіқұдды бір сіріңкенің талы шашылып жатқандай.  Жапырылып қалған ағаштарды ұлттық парк мамандары бір айға жуық уақытта әрең естептеп тауысыпты. Оған сәйкес,құлаған ағаш көлемі 100 мың текше метрден асады. Енді оны дайындау үшін кәсіби мамандар іріктеліп, олар қолға ара ұстады. 

Иманәлі Сәрсенбаев, ІлеАлатау ұлттық табиғи паркі Түрген филиалы директорының орынбасары:

-   Бұл жерге көрінген адамдар келе алмайды. Бұл жерге тәжірибесі бар мамандарды, ағаш дайындаған адамдарды алып жатырмыз.  Ұйғыр, Еңбекшіқазақ ауданынан келіп жатыр. Қазіргі уақытта 100 куб ағаш дайындалды.

«Кәсіби маман әлі де керек» -дейді парк өкілдері. Себебі:  жартаста жармасып тұрып, ағаш кесу әркімнің қолынан келмейді. Ал бүгінде Іле Алатау ұлттық паркінің ұйымы, төтенше жағдайлар қызметі және жалдамалы ағаш дайындаушыларды қосқанда, жалпы 360 адам жұмылдырылған. Медеу шатқалында жаппай ағаш кесу жүріп жатқандықтан, мамандар жаз маусымы тауға шығып, таза ауа іздегендерге кей өңірлер қауіпті деп ескертеді.

Данияр Малдыгелдиев, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары:

-Табиғи апаттан кейін қазір қауырт жұмыс басталып кетті. Сондықтан бұл өңір демалушылар үшін өте қауіпті. Арнайы демалатын орындардан алыстамаған дұрыс. Бұл  әркімнің өз жауапкершілігіне байланысты деп ойлаймын.

 Жұмыс қауырт басталса да, тауды құлаған ағаштан тазарту жұмысы жақында аяқталмайтын сыңайлы. Мамандардың есебіне сүйенсек, құлаған қарағайларды толықтай дайындап біту үшін кемі 3 жыл уақыт керек екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін