Алматы жол полицейлері автокөлік иелерін жазғы демалыста жолдағы қырағылыққа шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жол полицейлері автокөлік иелерін жазғы демалыста жолдағы қырағылыққа шақырады

Алматы жол полицейлері автокөлік иелерін жазғы демалыста жолдағы қырағылыққа шақырады

Алматы жол полицейлері автокөлік иелерін жазғы демалыста жолдағы қырағылыққа шақырады, деп қалалық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Шiлде 2011
  • 459
Фото - Caravan.kz

«Қымбатты жүргізушілер, жазғы демалыс кезінде жолдағы қырағылықты екі есе арттырып, рульде сақ болуға шақырамыз. Себебі, осы кезеңде жолда балалар көп болатынын есте сақтау керек. Кез келген балаға жолда сотқар мінез таныту тән, сондықтан жауапкершіліктің көбі сіздердің иықтарыңызға түседі, себебі сіздердің жауаптылық танытуларыңызға балалардың өмірі мен денсаулығы байланысты», — деді қалалық жол полиция басқармасының бастығы Арман Сарбасов, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ол көлік басқару кезінде жылдамдық режимін қатаң сақтап, әсіресе жаяу жүргінші өтетін жолдарда, мектеп және оқу орындарының маңындағы осындай жолдарда сақтықты арттырып, ережені қатаң сақтау керектігін, қауіпсіздік белбеулерді тағып отыру керектігін ескертті.

Сонымен қатар Алматы ЖПБ барлық жүргізушілерден жол жүру ережелерін балаларға да жеткізіп тұру керектігін, жол жүргенде ЖЖЕ-ні қатаң сақтауға шақырды.

Хабарда айтылғандай, биыл былтырғы осындай мерзіммен салыстырғанда балалардың қатысуымен орын алған ЖКО 4,7 %-ға төмендеді. 2011 жылдың басынан бері ЖКО-да 122 бала әр түрлі деңгейдегі жарақат алды (2011 – 132, 7,6% болған).

Соңғы жаңалықтар