Алматы жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматы жол полициясы басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 477
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Арман Сарбасовтың орнына Алматы жол полициясы басқармасының бастығы қызметіне оның бұрынғы орынбасары Александр Васильев тағайындалды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, А. Сарбасов Алматы жол полициясы басқармасының бастығы қызметіне осы жылдың 8 сәуірінде тағайындалған. Бұл орынға ол Алматы облысындағы осындай қызметтен ауысып келіп, Бақыткелді Айқынбековты ауыстырған. Ал ол өз кезегінде Астанаға ауыстырылды. Ал Астана ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы Орынбасар Қосанов сол кезде Алматы облыстық жол полициясы басқармасына бастық болып келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар