Алматы жолдарының проблемасы үкіметтік деңгейге көтеріліп отыр - С. Ахметов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жолдарының проблемасы үкіметтік деңгейге көтеріліп отыр - С. Ахметов

Алматы жолдарының проблемасы үкіметтік деңгейге көтеріліп отыр - С. Ахметов

Алматының көліктік жол проблемасы қалалық шеңберден асып, Үкіметтік деңгейге көтеріліп отыр.

  • 8 Қараша 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

Бүгін Парламент Сенатында «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.

Заң жобасын қарау кезінде депутат Жұмабек Төрегелдинов Алматы қаласының үлкен айналма жолдары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғанын айта келе, қаржыландыру жөніндегі тапсырыстың басым бөлігі қанағаттандырылмай отырғандығын да ортаға салған еді.

«Біз кеше ғана Алматы мәселесін, оның ішінде қала маңындағы аумақтарға қатысты мәселелерді қарастырған едік. Ал, көлік жолдарына келетін болсақ, жалпы Алматы қаласының жол түйіндерін шешу мәселесі жергілікті проблеманың шеңберінен шығып, ол Үкіметтік деңгейге дейін көтеріліп отыр. Сондықтан, бюджетті нақтылап қайта бөлу барысында біршама қаражатты жұмсауда осы мәселені ескеріп, биыл қарастырылған айналма жолдарды аяқтауды қамтуға тырыстық. Келесі жылы да көлік жолдарын ішінара шешу мәселесіне қаражат қарастырылып отыр»,-деді депутаттар сауалына жауап берген Премьер-Министр С. Ахметов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Алматы жолдарын мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында шешуге болатынын да атап өтті. «Менің ойымша, бәлкім Алматы қаласы мен Алматы облысы аясындағы Үлкен Алматы айналма жолына конфессия енгізуді қарастыруға болады. Жалпы, осы мәселе біз үшін аса маңызды. Сондықтан, бұл шара нақты атқарылса, онда көлік инфрақұрылымы бойынша мемлекеттік -жеке меншік әріптестіктің жақсы мысалы болатын еді».

Соңғы жаңалықтар