Алматы: ЖОО-лардың біріне жарылғыш зат қойылған деген ақпарат түсті
Алматыдағы Қазақстан-Ресей медицина университетінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпараттан кейін адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, |
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
«31 мамыр күні 102 пультіне Қазақстан-Ресей медицина университетінің ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді ақпарат түсті», - делінген таратылған ақпаратта.
Арнайы жүргізілген іс-шара барысында құтқарушылар 400 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Ведомствоның атап өтуінше, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.
Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТМЖ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 16 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін