Алматы: жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде
Алматы жол полициясы азаматтардан жұма күні кешкі 23 сағат 20 минуттар шамасында Әуезов-Жандосов көшесінің қиылысында жасы 30-35-тердегі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп кетіп, оқиға орнынан жасырынып кеткен жүргізушіні табуға көмек көрсетуін сұрайды. |
«Алматының ІІД жол полициясы басқармасы 17-ші маусымда кешкісін жаяу жүргіншіні Әуезов-Жандосов көшелерінің қиылысында қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші мен оның көлігін табуда көмек көрсетуін сұрайды», - делінген жол полициясының хабарында.
ЖПБ ол әйелдің көшені батыстан шығысқа қарай №108-ші үйдің қарсысында Жандосов көшесінің оңтүстік жағында түнгі 23 сағат 20 минутта өтіп бара жатқандығын айтады.
Қандай да мәлімет білетін куәларды полиция төмендегідей телефон арқылы хабарласуын сұрайды: 254-45-05, 253-07-20, +7 (701) 718-90-47 немесе 102.
Анонимділік пен сыйақы беру кепілдігі бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін