«Қысқы жүгіруде алматылықтар өзінің қандай межеге шамасы жететін анықтап, Алматы марафонында көрсететін мүмкіндігін сынайды. Сөре сызығы Президент паркінен басталады. Қатысушыларға викториналық сауалдар қойылады, қызықты шаралар өткізіледі», — деді ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.
Тіркеу жұмыстары 500 адамға жеткенде тоқтатылады. Старт нөмірлері 25-26 ақпанға дейін беріледі.