Алматы жылыту маусымына қаншалықты дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы жылыту маусымына қаншалықты дайын

Алматы жылыту маусымына қаншалықты дайын

Алматы қаласы алдағы жылыту маусымына 94% дайын.

  • 13 Қыркүйек 2021
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы жылу желілері» ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетовтің айтуынша, сорғы жабдықтары да 94 пайыз дайын.

Жоспар бойынша биыл 17 жылу желісін қайта жөндеуден өткізу міндеттелген. Олар аяқталуға жақын.

Оның ішінде 20 шақырымға жуық жылу желісі мен 6 сорғы станциясындағы жабдықтар жаңартылады.

Жалпы, қазіргі таңда қаланың жылу жүйесінде соңғы сынақтар өткізіліп жатыр.


Кешенді шара барысында жөндеуден кейінгі құбырлардың беріктігі мен тығыздығы тексеріледі.

Айту керек, биыл ескірген қазандықтар энергияны үнемдеп, жылу өткізуді жақсартатын заманауи еуропалық өнімдерге алмастырылған.

Соңғы жаңалықтар